Мемлекет басшысының тиісті өкімі Ақорданың ресми сайтында жарияланды
Қазақстан Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымына Қаныш Әбубәкіров келді. Мемлекет басшысының тиісті өкімі Ақорданың ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров — әскери ортада үлкен беделге ие кәсіби маман. Ол еңбек жолын десанттық-шабуылдау батальонында барлау тобының командирі болып бастап, офицерлік мансаптың барлық сатысынан өткен.
Негізгі қызмет белестері:
Қаныш Әбубәкіров 1977 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. Ол әскери білімін ҚР Қарулы Күштерінің Әскери академиясында және Ұлттық қорғаныс университетінде шыңдаған.
Жаңадан тағайындалған Бас штаб бастығының әскери қызметтегі жетістіктері жоғары бағаланған. Ол ІІ дәрежелі «Айбын» және ІІ дәрежелі «Даңқ» ордендерінің иегері, сондай-ақ «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған.
Айта кетейік, бұл қызметті бұған дейін Сұлтан Камалетдинов атқарып келген болатын. Мемлекет басшысының өкімімен ол атқаратын лауазымынан босатылды.