Қазақстанның екі облысында ауа райына байланысты көлік қозғалысы шектелді

Автор: Асыл Арман

«ҚазАвтоЖол» ресми мәлімдеме жасады

Фото: pixabay.com

16 қаңтар күні ауа райының нашарлауына байланысты Қазақстанның екі облысындағы автожолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «ҚазАвтоЖол» Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Жамбыл облысы:

Шектеу төмендегі жол учаскесінде енгізілді:

сағат 09:10-дан бастап – РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы автожолының 159-238 шақырым аралығы (Кенен ауылынан Қайнар ауылына дейін).

Қозғалыс Қордайдың ескі асуы арқылы ұйымдастырылады.

Жолдың болжамды ашылу уақыты – 2026 жылғы 17 қаңтар, сағат 14:00.

Маңғыстау облысы:

сағат 10:00-ден бастап – Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау автожолының 332-632 шақырым аралығы (Бейнеу ауылынан Шетпе ауылына дейін).

Жолдың болжамды ашылу уақыты – 2026 жылғы 16 қаңтар, сағат 17:00.