Солтүстік пен шығыста дизель көліктері мен автобустарға толық тыйым салынды
«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, Қазақстанның 11 өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдарда қозғалыс уақытша шектелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Елдің солтүстік және шығыс аймақтарында жолаушылар тасымалдайтын автобустар мен дизель отынымен жүретін көліктердің барлық бағытта жүруіне тыйым салынған.
Ұлытау облысы бойынша, Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті автожолының 216-424 шақырым аралығы, яғни Қызылорда облысымен шекарадан бастап Жезқазған қаласына дейінгі учаске жабылды.
Жолды ашу уақыты – 16 қаңтар, сағат 07:00.
Қызылорда облысында да біршама учаскедет көлік қозғалысы тоқтады. Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті тасжолының 12-216 шақырымы, Қызылорда қаласынан Ұлытау облысының шекарасына дейінгі аралықта шектеу енгізілді.
Жол қозғалысы 16 қаңтар, 07:00-ден бастап қалпына келеді.
Ресей шекарасы – Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – Қытай шекарасы бағытындағы жолдың 1240-1362 шақырым аралығы, Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейінгі бөлігі жабық.
Шектеу 16 қаңтар, 09:00-де алынады.
Ақтөбе облысында Ресей шекарасы – Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – Қытай шекарасы трассасының 776-1240 шақырым аралығы, «ЭКО ойл» жанармай құю бекетінен Қызылорда облысының шекарасына дейінгі учаске жабылды. Ашылу уақыты – 16 қаңтар, 09:00.
Абай облысында жолаушылар автобустары мен дизель қозғалтқышы бар көліктерге шектеу қойылды. Қытай шекарасы – Майқапшағай – Зайсан айналма жолы – Қалбатау – Семей – Павлодар – Ресей шекарасы бағытындағы жолдың 587-733 және 756-906 шақырым аралығы, Павлодар облысының шекарасынан Семей қаласына дейін тыйым салынды. Осы бағыттың 1004-1103 шақырымы, Көкпекті ауылынан ШҚО шекарасына дейінгі жол да жабық.
Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – Ресей шекарасы трассасының 778-1013 шақырымы, Аягөзден ШҚО шекарасына дейін;
Өскемен – Семей жолының 103-198 шақырымы, облыс шекарасынан Семей қаласына дейін;
Семей – Қайнар бағыты, 8-284 шақырым;
Семей – Ресей шекарасы (Ауыл бекеті), 2-113 шақырым;
Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Боғыс, 320-941 шақырым. Жолдар 16 қаңтар күні сағат 08:00-де ашылады деп жоспарланған.
Шығыс Қазақстан облысында барлық бағытта автобустар мен дизель көліктеріне тыйым салынды. Ашылу уақыты – 16 қаңтар, 08:00.
Қостанай облысында автобустар мен дизель көліктері үшін қозғалыс шектелді. Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – Ресей шекарасы, 683-729 шақырым;
Мамлютка – Қостанай, 180-250 шақырым;
Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай, 418-539 шақырым;
Қостанай – Әулиекөл – Сурған, 8-232 шақырым;
Жезқазған – Арқалық – Петропавл, 340-377 шақырым. Тыйым 16 қаңтар, 10:00-де алынады.
Ақмола облысында барлық бағытта автобустар мен дизель көліктеріне тыйым салынды. Ашылу уақыты – 16 қаңтар, 10:00.
Павлодар облысында Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – Ресей шекарасы, 200-415 шақырым тас жолы жабық. Сондай ақ, Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – Ресей шекарасы, 200-415 шақырым;
Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті, 1135-1206 шақырым;
Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара, 0-231 шақырым;
Атамекен – Ақсу – Көктөбе – Үлкен Ақжар – Курчатов, 220 шақырым;
Атамекен – Ертіс – Ресей шекарасы, 263 шақырым;
Қытай шекарасы – Майқапшағай – Семей – Павлодар – Ресей шекарасы, 191-390 шақырым;
Павлодар – Шарбақты – Ресей шекарасы, 0-112 шақырым;
Кенжекөл ауылынан Абай облысының шекарасына дейін, яғни 426-587 шақырым жол жабық. Трассаларды ашу уақыты 16 қаңтарда сағат 09:00-ге жоспарланған.
Солтүстік Қазақстан облысында барлық бағытта автобустар мен дизель көліктеріне тыйым салынды. Ашылу уақыты – 16 қаңтар, 10:00.
Қарағанды облысыда жүк көліктері мен қоғамдық көліктер үшін қозғалыс шектелді. Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Боғыс, 217-320 шақырым;
Астана – Қарағанды – Алматы, 92-164 шақырым;
Астана – Қабанбай батыр – Нұра – Теміртау, 51-101 шақырым;
Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті, 1067-1135 шақырым;
Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара, 231-324 шақырым. Ашылу уақыты – 16 қаңтар, 09:00.
Атырау облысында Атырау – Орал тасжолының 14-179 шақырым аралығы, Алмалы ауылынан Індер кентіне дейінгі бөлігінде жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысы шектелді. Жолдарды 16 қаңтарда сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
Республикалық тас жолдардың жай-күйі туралы ақпаратты тәулік бойы 1403 нөміріне хабарласып білуге болады.