$ 510.95  594.49  6.5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Арсенал» – «Қайрат» матчының билеттері сатылымға шықты

Лондондағы тарихи ойынға қазақстандық жанкүйерлер онлайн билет ала алады

«Арсенал» – «Қайрат» матчының билеттері сатылымға шықты
Фото: istockphoto.com

2026 жылғы 28 қаңтар күні Лондон қаласындағы Emirates Stadium стадионында УЕФА Чемпиондар лигасы аясында «Арсенал» – «Қайрат» кездесуі өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Матч жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады, ал Қазақстан уақытымен ойын 29 қаңтарға қараған түні сағат 01:00-де көрермен назарына ұсынылады. Бұл алматылық клуб үшін ғана емес, қазақстандық футбол үшін де тарихи сәт.

Қонақ жанкүйерлерге арналған сектор билеттері Qairat SuperApp және Freedom SuperApp мобильді қосымшалары арқылы сатылып жатыр. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, сатып алынған билеттер қайтарылмайды.

Осылайша, отандастарымыз ағылшын Премьер-лигасының көшбасшыларының бірі саналатын «Арсеналға» қарсы ойында «Қайратты» стадионнан тікелей қолдай алады.

Серіктес жаңалықтары