Президент FIS басшысын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық шаңғы спорты және сноуборд федерациясының басшысы Йохан Элиашты орденмен марапаттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Президент елімізде шаңғы және сноуборд спортының дамуына қосқан үлесі үшін Йохан Элиашты II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады», – делінген Ақорданың хабарламасында.
Айта кетейік, осыған дейін Тоқаев Халықаралық шаңғы спорты және сноуборд федерациясының басшысын қабылдағаны хабарланған болатын.