$ 510.43  594.86  6.49
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда әскерилердің жалақысы өсетін болды

Бұрын жойылған төлемдер жүйесі қалпына келтірілді

Қазақстанда әскерилердің жалақысы өсетін болды
Фото: istockphoto.com

Қазақстанда 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап офицерлердің жалақысы орта есеппен 20,3%, ал қатардағы және сержант құрамының жалақысы 33,9% өседі. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Ведомство мәліметінше, бұрын жойылған төлемдер жүйесі қалпына келтірілді. 1 шілдеден бастап әскери қызметшілерге әрбір алаңдық шығу, теңіз сапары және оқу-жаттығуларға қатысқан күндер үшін 1,2 еселенген АЕК мөлшерінде төлемдер қайтадан төленеді, бұл ретте командировка шығындары рәсімделмейді.

«Қосымша өзгерістер де жақын арада күтіліп отыр. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа жалақы жүйесі бойынша екінші кезең енгізіледі: офицерлер үшін – тағы 23%, қатардағы және сержант құрамы үшін – бірінші кезең деңгейінен 10% өсу жоспарланған», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары