$ 510.43  594.86  6.49
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада аялдаманың шынысын шаққан жігіт 10 тәулікке қамалды (ВИДЕО)



Оның әрекеті бейнекамераға түсіп қалған

Астанада аялдаманың шынысын шаққан жігіт 10 тәулікке қамалды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Астана қаласында түнгі уақытта 20 жастағы ер адам Молдағұлова көшесімен өтіп бара жатып, аялдама павильонын әдейі зақымдаған аяғымен теуіп, құрылымның артқы әйнегін сындырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құқық бұзушылық бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Оқиға орнына жедел түрде полиция жасағы жетіп, күдіктіні анықтап, ұстады.

«Қазіргі уақытта ол өзгенің мүлкін қасақана бүлдіру дерегі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 10 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, заңда белгіленген тәртіппен келтірілген материалдық шығынды өтеуге міндеттеледі», - деп хабарлады полиция департаменті.
 

Мұндай құқық бұзушылықтардың барлығы қолданыстағы заңнама аясында қатаң түрде тоқтатылады.

Қалалық инфрақұрылым бұл жай ғана әйнек пен темірден жасалған құрылымдар емес, тұрғындардың ыңғайлылығы, қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін құрылған ортақ кеңістік. Мұндай әрекеттер қаланың келбетіне ғана емес, барлық қала тұрғындарына зиян келтіреді.

Серіктес жаңалықтары