$ 510.43  594.86  6.49
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырауда баскетбол алаңында 13 жастағы бозбала көз жұмды

Қайғылы жағдай туралы академияның баспасөз қызметі хабарлады

Атырауда баскетбол алаңында 13 жастағы бозбала көз жұмды
Фото: istockphoto.com

Атырау қаласында баскетбол алаңында ойнап жүрген 13 жастағы жасөспірім кенеттен қайтыс болды. AiRom академиясының тәрбиеленушісінің матч барысында жағдайы күрт нашарлаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Желі қолданушыларының мәліметінше, жаттықтырушылар дереу алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырғанымен, жасөспірімді аман алып қалу мүмкін болмады.

Қайғылы жағдай туралы академияның баспасөз қызметі хабарлап, марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

Оқиғаның нақты мән-жайы әзірге ресми түрде нақтыланған жоқ.

«Қайғыра хабарлаймыз, баскетбол академиясы AiRom тәрбиеленушісі – Тасболат Абдулазиз өмірден өтті. Абдулазиз жарқын жүзді, жүрегі таза, мақсаты айқын жан еді. Алаңда да, өмірде де нағыз күрескер болып, өзін әрдайым еңбекқор спортшы әрі шынайы дос ретінде көрсете білді. Ол AiRom үлкен отбасының ажырамас бөлігі ретінде біздің жадымызда мәңгі сақталады.

Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз. Қайғыларыңызға ортақпыз. Абдулазиз туралы жарқын естелік оны танып, қадірлеген әрбір жанның жүрегінде мәңгі өмір сүрсін.

Жаны жәннатта болсын. Жарық жұлдызы сөнбесін», – деп жазды AiRom академиясы.

Серіктес жаңалықтары