СҚО-да ер адам танысын монтировкамен ұрып өлтірді
Күдіктілер көп ұзамай қолға түсті
Солтүстік Қазақстан облысының Береке ауылында 29 жастағы ер адам ішімдік ішкен танысын монтировкамен ұрып өлтірді. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Qazaqstan Media-ға сілтеме жасап хабарлады.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, 32 жастағы марқұмның мәйітін көршісі тапқан. Қылмыскерлер оның денесін қар үстімен сүйреп, қоршаудың жанына тастап кеткен.
СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, алдын ала дерек бойынша, 29 жастағы ауыл тұрғыны алкогольдік ішімдік ішу кезінде туындаған жанжал барысында 32 жастағы жәбірленушіге өлімге әкелген дене жарақатын салған.
Аталған қылмыс бойынша екі адам күдікті ретінде қаралуда. Екінші күдіктінің іске қатыстылығы нақтыланып жатыр. Екеуі де «ізін суытпай» ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.