«Қызының қазасын естіді»: ғасыр жасаған әжейдің жоқтауы жұртты жылатты (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды

Фото: Видеодан скрин

Қызының қазасын естіп, көз жасына ерік берген әжей жұртты жылатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Желіде тараған видеода 100 жасқа толған әжейдің қызының қазасын естіген сәтін, қарт кісінің жоқтауын байқауға болады.

Жүрек тебірентер оқиғаға қатысты әлеуметтік желі қолданушылары көңіл айтып, түрлі пікір білдірді.

«Әже, бекем болыңыз. Бұл – өмірдің заңдылығы», «Баламен жылатпасын Аллам. Балаларымыз аман болсын!», «Қаншаға келсе де ана ғой, баласы алдында кеткені ең қиыны ғой, амал бар ма! Көріп, өзым жылап отырмын», «Аталатсаң да боталатпа деген, балаң 1-де болсын, 80-де болсын, анаға әркез бала болып қалады ғой», – деп жазды желі қолданушылары.