Қазалыда жемқорлар ұрлаған ақшаға орталық аурухананың жаңа ғимараты салынып жатыр

Автор: Аягөз Құрмаш

Әлеуметтік нысан 2026 жылдың басында пайдалануға беріледі

Фото: istockphoto.com

Қызылорда облысының Қазалы ауданында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен орталық аурухананың жаңа корпусы салынып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен облыс прокуроры Ризабек Ожаров Әйтеке би кентінде салынып жатқан Қазалы көпсалалы орталық аудандық ауруханасының жаңа корпусының құрылыс барысымен танысты.

Қайта жаңғырту жобасы 42 төсек-орынға арналған қосымша корпустың құрылысын қамтиды.

«Нысан прокуратура органдары арқылы мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен салынып жатыр.

Өңір басшылары құрылыс жұмыстарының сапасын тексеріп, аурухананы заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жоспарымен танысты.

Аудандық аурухананың кеңеюі қолданыстағы бөлімшелерге түсетін жүктемені едәуір азайтып, медициналық көмектің жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді», – делінген прокуратураның хабарламасында.

Әлеуметтік нысан 2026 жылдың басында пайдалануға беріледі.

Жобаның жүзеге асырылу барысы Қызылорда облысы прокуратурасының бақылауында.