$ 509.84  595.75  6.47
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Депутаттар Павлодар облысының еріктілер қозғалысын дамытуды талқылады

Волонтерлік қызметпен айналысатын белсенділерге ыңғайлы жағдай жасау керек

Депутаттар Павлодар облысының еріктілер қозғалысын дамытуды талқылады
Фото: AMANAT партиясының баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаттары Павлодар өңірінің белсенділерімен кездесу өткізіп, азаматтық қоғамды дамытудағы волонтерліктің рөлін талқылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Іс-шараға «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Вера Ким, Жарқынбек Амантай және Нұржан Әшімбетов қатысты. Ашық әңгіме форматында өткен іс-шараның тақырыбы Мемлекет басшысы айқындап берген мемлекеттік басымдықтарды іске асырудағы еріктілер қозғалысының маңызына арналды. Мәжіліс депутаты, ұлттық волонтерлік желінің жетекшісі Вера Ким елімізде волонтерлік іс-әрекет бір реттік бастама емес, тұрақты қоғамдық институтқа айналғанын атап өтті.

«Қазақстандағы волонтерлік – мемлекеттің қолдауымен жүргізілетін жүйелі жұмыс. Президентіміз волонтерлік қозғалыс қоғамдық өмірдің ажырамас бөлігіне айналғанын бірнеше рет атап өтті. Сондықтан Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы тұрақты даму мақсатында 2026 жылды Халықаралық еріктілер жылы деп жариялау туралы қарар қабылдады. Бұл – Қазақстан мен біздің еріктілердің жаһандық орнықты дамуға қосқан үлесінің мойындалуы», – деді ол.

Мәжілісмен Қазақстанның осы салада елеулі институционалдық тәжірибесі бар екенін еске салды. Елімізде 2020 жыл Еріктілер жылы деп жарияланғанын, бұл еріктілер қозғалысының дамуына қуатты серпін бергенін, волонтерлер қызметінің заңнамалық базасы айтарлықтай жаңарғанын тілге тиек етті.

Депутат Жарқынбек Амантайұлы «AMANAT» партиясы ең қиын кезеңдерде үнемі халықтың жанынан табылып жүргенін атап өтті. Ол 2022 жылы Екібастұздың жылумен жабдықтау жүйесінде болған апатты, 2024 жылғы су тасқынын, 2022 жылғы қыркүйекте – Қостанай облысында, 2023 жылы маусымда – Абай облысының «Семей орманы» орман резерватында болған алапат өрттердің салдарын жоюға қатысқан еріктілерді мысалға келтірді. Осы оқиғалардың барлығында партияның жастар халықпен бірге болғанын, зардап шеккендерге көмек көрсеткенін айтты.

Павлодар облысы бойынша «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы волонтерлік қозғалысының үйлестірушісі Әйгерім Түсіпбекова бүгінде өңірдің әрбір мектебінде волонтерлік отрядтар жұмыс істейтінін айтты. Оқушылар экологиялық акцияларға қатысады, жалғызбасты зейнеткерлерге көмектеседі, сондай-ақ өздерінің шығармашылық бастамаларын жүзеге асырады.

Волонтерлік қозғалысты одан әрі дамытуды талқылау барысында қоғамдық ұйымдардың өкілдері көлік мәселелерін шешу кезінде атаулы қолдау қажет екеніне назар аударды. Волонтерлік қызметті жұмыспен немесе оқумен ұштастыратын белсенділерге ыңғайлы жағдай жасау үшін өңірлік фронт-офистердің барынша икемді жұмыс кестесін қарауды ұсынды.

Кездесуде ортаға салынған ұсыныстарды депутаттар заңнамалық базаны жетілдіругше бағытталған жұмыс барысында қарайды.

Серіктес жаңалықтары