$ 509.75  594.67  6.46
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Жуас болған соң басынған»: Шымкентте кісі қолынан мерт болған қыздың ағасы үндеу жариялады

Ол қылмыскер барынша жаза арқалағанын қалайтынын айтты

«Жуас болған соң басынған»: Шымкентте кісі қолынан мерт болған қыздың ағасы үндеу жариялады
Фото: видеодан скриншот

Шымкентте кісі қолынан мерт болған болған қыздың ағасы Сұлтан Серікбай әлеуметтік желіде қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Есімім Сұлтан, 11 қаңтарда пышақтап өлтіру жайлы оқиғадағы қыздың туған ағасы боламын.Шынымызды айтсақ қан жылап отырмыз.Біз әр жаңалықты оқып отырамыз, қолдау көрсетіп жатқан жандарға рақметімізді айтамыз.Қазір біздің қолдан тек сол адамға максималды жаза беру ғана қолымыздан келеді. Қысқаша айтқанда менің қарындасым ең ақылды, сабырлы, тұйық, жуас қыз болғандықтан барынша басынған. «Жоқ» деген сөзді түсінбеген. Сталкер болған», - дейді ол.

Ағасы сол үшін бұл оқиғаны бүкіл жерге таратып, жұрттан қолдау сұрайтынын жазды.

«Қазір бізге артық сөз сөйлеуге, жазуға болмайды өйткені кейін арғы жақтың адвокаттары тырнақ астынан кір іздейді. «Сот процесі» әділ өтеді деген сенім бар. Бәрімізге сабыр мен жүрек тыныштығын берсін», - деп жазды Сұлтан Серікбай.

Еске салсақ, қызды пышақтап өлтірген  28 жастағы адам ұсталып, тергеу изоляторына қамалды.

Серіктес жаңалықтары