$ 509.84  595.75  6.47
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандағы «Ресей темір жолдары» филиалына 1,9 млн теңге айыппұл салынып, табысы тәркіленді

Монополиялық баға белгілегені үшін жауапқа тартылды

Қазақстандағы «Ресей темір жолдары» филиалына 1,9 млн теңге айыппұл салынып, табысы тәркіленді
Фото: istockphoto.com

«Ресей темір жолдары» компаниясының Оңтүстік Орал темір жолына қарасты Петропавл бөліміне 1,9 млн теңгеге жуық айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Бұл шешім ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті жүргізген тергеп-тексеру нәтижесінде қабылданған. Тексеруге жергілікті кәсіпорындардың бірі жолдаған шағым негіз болған.

Кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, филиал ұсынған электронды теміржол таразыларына метрологиялық қызмет көрсету құны шектен тыс жоғары болған. Агенттік жүргізген нарықтық талдау барысында филиалдың өз үстем жағдайын пайдаланып, қызмет бағасын негізсіз көтергені анықталды.

Тергеп-тексеру қорытындысы ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының 1-тармақшасының бұзылғанын растады. Соның негізінде «Ресей темір жолдары» филиалына қатысты әкімшілік іс қозғалып, заң бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама берілді.

Өткен жылдың 24 желтоқсанында сот шешімімен филиалға 1 млн 880 мың теңге айыппұл салынып, 7,3 млн теңге көлеміндегі монополиялық кіріс мемлекет пайдасына тәркіленді. Алайда бұл шешім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Сонымен қатар, филиал департаменттің нұсқамасын орындаған. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап электронды вагон таразыларына көрсетілетін метрологиялық қызмет бағасы 28 пайызға төмендетілді. Нәтижесінде қызмет құны 754 698 теңгеден 536 357 теңгеге дейін арзандады. Бұл сомаға қосылған құн салығы кірмейді.

Серіктес жаңалықтары