Олигополиядан Алатау, Каспий мен Бурабайдағы қымбат жерлерді тәркіледік - Асылов

Автор: Бақыт Шынар

Бұл туралы Бас прокурор жеке парақшасында жазған

Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Былтыр Бас прокуратура Алатаудың етегінде, Каспий теңізінің жағалауындағы, Бурабай ұлттық паркіндегі олигополия иемденген қымбат жерлер мемлекет меншігіне өткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы прокуратураның былтырғы жұмысын қорытындылай отырып, Берік Асылов мәлім етті.

Жалпы, мемлекет меншігіне өткен жер телімдерінің жалпы көлемі 800 мың гектар болған.

«Мемлекет меншігіне Алатаудың тау етегінде, Каспий теңізінің жағалауында, Бурабай ұлттық паркінде орналасқан олигополиялардың жері, сондай-ақ жылдар бойы мақсатты түрде пайдаланылмаған қоғамдық жайылымдар мен өзге де алқаптар – ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің барлығы 800 мың гектар қайтарылды», - деп жазған Асылов «Х» парақшасына.

Осының арқасында, Асыловтың сөзіне сенсек, кейбір өңірлердегі жайылым тапшылығы деген мәселе түбегейлі жойылған.