$ 509.94  593.88  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бірпалаталы Парламентке қадам: жұмыс тобы жаңа жүйенің болашағын талқылады

Ерлан Қарин бастаған жұмыс тобы жаңа Парламенттің атауы мен өкілеттігін талқылады

Бірпалаталы Парламентке қадам: жұмыс тобы жаңа жүйенің болашағын талқылады
Фото: akorda.kz

Астанада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының төртінші отырысы өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Жиында болашақ бірпалаталы Парламенттің басқа билік институттарымен өзара іс-қимыл тетіктері және оның атауына қатысты ұсыныстар қаралды. Бұл мәселелер елдегі саяси жүйені түбегейлі жаңғыртуға бағытталған реформаның өзегіне айналып отыр.

Жұмыс тобы былтыр қазан айында Президент өкімімен құрылған. Сол уақыттан бері қоғамнан ұсыныс жинау үшін e-Otinish пен eGov порталдары арқылы арнайы бөлім жұмыс істеп келеді. Қазіргі таңда 500-ден астам ұсыныс түскен.

Ерлан Қарин парламенттік реформа – Президент бастамашы болған саяси жаңғырудың жалғасы екенін атап өтті. Бұған дейін жүзеге асқан реформалар мен Конституциялық өзгерістер мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыруға бағытталған.

Отырыста Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев жаңа Парламенттің өкілеттігіне қатысты жалпы тәсілдерді таныстырды. Ұсыныстар саяси партиялар мен сарапшылар пікірі негізінде әзірленген.

Жұмыс тобы мүшелері алдағы Конституциялық өзгерістердің ауқымды екенін айтып, бұл бастамалар заң шығару жүйесінің сапасын арттырып, билік тармақтары арасындағы өзара байланысты жаңаша форматқа көшіруге мүмкіндік беретінін жеткізді.

Жиын қорытындысы бойынша барлық ұсынысты жинақтап, жан-жақты талдау жүргізу тапсырылды. Парламенттік жүйені жетілдіру бағытындағы жұмыс алдағы отырыстарда жалғасын табады.

Серіктес жаңалықтары