$ 509.94  593.88  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мәжіліс депутаттары Петропавлдағы саңырауқұлақ фермасының тәжірибесімен танысты

Депутаттың айтуынша, мұндай өндірістерді іске қосу СҚО-ның қосылған құны жоғары жобаларды іске асыру алаңы ретіндегі әлеуетін көрсетеді

Мәжіліс депутаттары Петропавлдағы саңырауқұлақ фермасының тәжірибесімен танысты
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Өткен жылдың соңында Петропавлда ірі агроөнеркәсіптік инвестициялық жоба – толық циклды саңырауқұлақ фермасы ашылған болатын. Мәжіліс депутаттары, «AMANAT»партиясы фракциясының мүшелері Еркебұлан Мәмбетов пен Дмитрий Колода жаңа өндірістегі еңбек жағдайларымен және нысанның өнеркәсіптік әлеуетімен танысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Былтыр 20 желтоқсанда іске қосылған «EcoGlade» ЖШС кәсіпорны жылына 2 400 тоннаға дейін agaricus тектес саңырауқұлақ пен 4 000 тонна компост, яғни шымтезек өндіруге бағдарланған. Кәсіпорын 65 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. 

Депутаттар бұл кәсіпорын өңірдің қайта өңдеу секторын дамытуға және азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға септігін тигізетінін атап өтті. Жоба арнайы экономикалық аймақтың жеңілдіктерін пайдалана отырып іске асырылуда, бұл өндірісті жеделдетіп іске қосуға және инвестициялық шығындарды азайтуға мүмкіндік берді.

«Мұндай жобалар мемлекеттің қолдауымен Бизнестің мультипликативті әсер береалатындығын айқын көрсетіп отыр. Бұл жердегі нақты нәтиже – қомақты инвестиция, заманауи технология, жаңа жұмыс орындары, өңірдің өнеркәсіптік инфрақұрылымын дамыту. Отандық бизнесті қолдау мен қайта өңдеуге инвестиция тартудың арқасында Мемлекет басшысы айтқан тұрақты экономика қалыптасып келеді», – деді Дмитрий Колода.

Депутаттың айтуынша, мұндай өндірістерді іске қосу Солтүстік Қазақстан облысының қосылған құны жоғары жобаларды іске асыру алаңы ретіндегі әлеуетін көрсетеді.

Сондай-ақ, мәжілісмендер кәсіпорын қызметкерлеріне өңірлердің дербестігін күшейтуге бағытталған жаңа Бюджет және Салық кодекстері шеңберіндегі заңнамалық нормалар туралы айтыпберді. 

Еске сала кетейік, 5-13 қаңтар аралығында Мәжілістегі «AMANAT», Ауыл, Ақ жол, ЖСДП, ҚХП және Respublica саяси партияларының парламенттік фракцияларының депутаттары өңірлерді жұмыс сапарымен аралап жүр. Депутаттар сайлаушыларды қабылданған заңдартуралы хабардар етеді, оларды жергілікті жерлердеіске асыру практикасын зерделейді және азаматтарды толғандыратын өзекті мәселелер мен проблемаларды тыңдайды.

«AMANAT» партиясының материалдары бойынша әзірленген

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#AMANAT партиясы