Көшедегі бағдаршам зақымданған
Астанада Қабанбай батыр даңғылы мен Арнасай көшесінің қиылысында бірнеше көлік бір-біріне соқтығысып қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция хабарлағандай, Howo маркалы жүк көлігінің жүргізушісі бағдаршамның тыйым салынған сигналына өтіп, автокранмен соқтығысқан.
Соққының салдарынан жүк көлігі инерциямен Volkswagen автокөлігіне соғылып, кейін жол жиегіне шығып кеткен.
Апат салдарынан жол белгілері, көше жарығының тірегі және бағдаршам нысаны зақымданды. Howo мен Volkswagen көліктерінің жүргізушілері жарақат алды.
Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.