$ 509.94  593.88  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбе студенттері спортқа бет бұрғандардың қателігін көрсететін бағдарлама ойлап тапты

Бағдарламаны орнатқан адам жаттығуларының дұрыс-бұрысын біле алады

Ақтөбе студенттері спортқа бет бұрғандардың қателігін көрсететін бағдарлама ойлап тапты
Фото: университеттің баспасөз қызметі

Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің студенттері спортқа бет бұрып, әртүрлі жаттығу жасайтын адамның қозғаласын бақылап, жаттығудағы қателіктерді көрсететін бағдарлама әзірлеп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бағдарламаны ойлап тауып, жүзеге асырып жатқан студент Ерлан Аймұқанов пен Кирилл Пилипенко «бағдарлама компьютерлік көру технологиясы арқылы адамның қозғалысын нақты уақыт режимінде тануға негізделген» дейді.

Яғни, дереккөзге сүйенсек, жасанды интеллект пен компьютерлік көру технологиясына негізделген жеке жаттығуға арналған интеллектуалды бағдарлама кәсіби спортшылар мен әуесқой спортшылардың қозғалыс техникасын автоматты түрде талдап, жеке физикалық көрсеткіштеріне сәйкес жаттығу түрлерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Жасанды интеллект алгоритмдері арқылы қозғалыстағы қателіктерді де анықтайтын көрінеді.

Серіктес жаңалықтары