Ол ғұмырының 32 жылын медицина саласына арнады
Қазақтың абызы Әбіш Кекілбаевтың жары Клара Жұмабаева қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Ол 1941 жылы дүниеге келген. Ғұмырының 32 жылын медицина саласына арнады. 15 жыл учаскелік терапевт болып еңбек етті. Қалған 17 жыл ішінде инфекционист мамандығы бойынша жұмыс істеді.
Әбіш Кекілбаев пен Клара Жұмабайқызы жарты ғасырдан астам уақыт бірге өмір сүріп, 4 бала тәрбиеледі.
Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Клара Жұмабайқызын «Парасат» орденімен марапаттаған.