Клиникалық хаттамаға фавипиравир қосылды
Қазақстанда стационарда коронавирусты емдеу хаттамасы кеңейтілді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Стационарлық буын деңгейінде емдеу сызбасын кеңейттік. Клиникалық хаттамаға жаңа препарат - фавипиравирді қостық. Олар көрші елдерде, еуропалық өңірде, Жапонияда кеңінен қолданылады. Препарат таяу уақыттың ішінде пациенттерді стационарлық емдеу үшін жеткізіледі. Ол коронавирус инфекциясының ауыр түріне шалдыққандарды емдеуге ғана қолданылады», - деді министр.
Оның айтуынша, жақын арада Қазақстан аталған препаратты өзі шығаруды жоспарлап отыр.