ТЖМ тікұшағы пациентті шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізді

Автор: Алмас Ерсін

Экипаж науқасты Зайсан қаласынан Өскеменге әкелді

Фото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі

ҚР ТЖМ Қазавиақұтқару тікұшағы 1967 жылы туған пациенттің қауіпсіздігін қадағалап Зайсан қаласынан Өскеменге әкелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Экипаж мүшелерінің қатарында пилот Сергей Пинигин мен Бауыржан Бутенбаев, санавиация дәрігерлері Лариса Величко мен Айгүл Құдербаева бар.

Экипаждың кәсібилігінің және дәрігерлердің үйлесімді жұмысының арқасында тасымалдау сәтті өтті. Облыс орталығына келгеннен кейін пациент одан әрі емдеу үшін медициналық мекемеге жеткізілді.

Тегтер: