Құтқарушылар лифт ішінде қалып қойған жүкті әйелді құтқарды

Автор: Алмас Ерсін

Лифт ішінде жүкті әйел мен балалар қалып қойған

Фото: Freepik.com

Астана қаласының 112 қызметіне лифт ішінде адамдар қалып қойғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға Сарайшық шағын ауданындағы Аманжолов көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үй кешендерінің бірінде болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Шақырту орнына келген ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары механикаландырылмаған қол құралының көмегімен лифт кабинасының есігін ашты. Олар іште қалған жүкті әйелді, сондай-ақ 2014 және 2016 жылы туған балаларды сыртқа шығарды.