Қазақстанның қай аймақтарында дауылды ескерту жарияланды

Автор: Алмас Ерсін

«Қазгидромет» жексенбі, 4 қаңтарға ауа райы болжамын ұсынды

Фото: istockphoto.com

Синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді деп болжап отыр, сонымен қатар дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Абай облысында екпіні 15-25 м/с болатын жел күтіледі.

Орал, Батыс Қазақстан облысында жаңбыр, қар, бұрқасын, көктайғақ, жел болады.

Таразда, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түсіп, жел күшейеді.

Қызылордада, Жетісу және Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, екпіні 15-25 м/с жел соғады.

Семей, Риддер және Өскеменде екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескерту күшінде қалады.

 

 

Тегтер: