Төрт адам жарақат алды
Түркістан облысының Кентау қаласында түнде мейрамхана ғимаратында жарылыс болды. Оқиға бірінші қабаттағы қоғамдық тамақтану орнында тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Otyrar сайтына сілтеме жасап.
ҚР ІІМ мәліметінше, жарылыстың себебі – газ ауа қоспасының жарылысы. Оқиға салдарынан
Түркістан облысының әкімі Нұрлан Көшеров оқиға орнына шығып, жедел кеңес өткізді және жағдайды жеке бақылауына алды. Сондай-ақ, оперативтік штаб құрылып, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Министрлік пен құқық қорғау органдары қазіргі уақытта тергеу жұмыстарын жүргізіп, жарылыстың нақты себептерін анықтап жатыр.