Бір тәулікте 241 адам, оның ішінде 30 бала құтқарылды
2025 жылғы 31 желтоқсанда Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты бөлімшелер 210 шақыртуға шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ведомство мәліметінше, бір тәулік ішінде өрт пен жану оқиғаларына – 91 рет, ал іздестіру, авариялық-құтқару және өзге де жұмыстарға – 119 рет көмек көрсетілген.
Жаңа жыл түні азаматтар үшін мерекелік көңіл күймен қатар қауіп-қатер де көбейеді. Статистика соны аңғартады. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында 241 адам аман алып қалынды, олардың 30-ы – балалар.
ТЖМ бөлімшелері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеді, барлық шақырту дер кезінде қабылданып, оқиға орнына жедел жеткен.
Министрлік азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға, ауа райының күрт өзгеруіне байланысты дауылды ескертулерді назардан тыс қалдырмауға шақырады.
Сондай-ақ құтқарушылар:
Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне дереу хабарласу қажет.