Атырау облысында дәрігерге қаралуға барған ер адам қамауға алынды

Автор: Алмас Ерсін

Ол есірткі қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Фото: istockphoto.com

Атырау облысының Жылыой аудандық соты есірткі қолданумен байланысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы істі қарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Соттың мәліметінше 2025 жылғы 18 желтоқсанда дәрігерлік сараптамадан өту кезінде азамат Е.-нің ағзасынан есірткі заты табылып, оны медициналық емес мақсатта тұтынғаны анықталды.

«Сот отырысында құқықбұзушы Е. кінәсін толықтай мойындап, әрекетіне өкінетінін айтты», - деп жазылған хабарламада.

Сот қаулысымен құқықбұзушы Е. кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза қолданылды.

 Сот қаулысы заңды күшіне енді.