Бейбіт жоспардың алғашқы құжаттарына қаңтар айында қол қойылуы мүмкін - Зеленский

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол келіссөздерге дайын екенін айтты

Фото: president.gov.ua

Украина президенті Владимир Зеленский қаңтар айында Украина, АҚШ және Еуропа елдерінің қатысуымен көпжақты келіссөздер өткізуге дайын екенін мәлімдеді, сондай-ақ ресейлік тараппен кездесуге де әзір екенін растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

RBK-Украина хабарлауынша, бұл туралы ол журналистердің сұрақтарына жауап беру барысында айтты.

Мемлекет басшысының сөзінше, қаңтар айында кеңесшілер деңгейіндегі байланыстар өтіп, жалғасады, содан кейін Украина келіссөздерді көшбасшылар деңгейіне көтеруді ұсынады.

«Біздің ұсынысымыз мынадай: қаңтарда кеңесшілер кездеседі, қаңтарда көшбасшылар да кездеседі. Біз қаңтар айында Еуропа, АҚШ және Украина көшбасшылары -барлығының бірлесіп кездесуіне мүмкіндік бар деп санаймыз», - деп атап өтті Зеленский.