Сот шешімімен құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Алматыда полицейлер жолда шетелдік туристпен жанжалдасқан жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше ер адам қала көшелерінің бірінде автокөліктің терезесін ашып, басқа көлікте отырған шетелдік туристке тіл тигізген.
«Жиналған материалдар сотқа жолданып, сот шешімімен құқық бұзушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды», - деп жазылған хабарламада.
Полиция кез келген дөрекі қылық және арандатушылық әрекетке, оның ішінде шетел азаматтарына қатысты тәртіпсіздікке мүлде жол берілмейтінін және қоғамдық қауіпсіздік қағидаттарына қайшы келетінін ерекше атап өтті.