Күннің қатты ысуына байланысты өрт қаупі де күшейеді
Батыс Қазақстан облысында алдағы үш күнде қатты ыстық болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
5-7 шілде күндері облыстың оңтүстігінде 40-42 градус ыстық болуы ықтимал. Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында тиісті шаралардың алынып жатқандығын хабарлады.
Сонымен қатар ТЖ департаменті күннің қатты ысуына байланысты өрт қаупінің де күшейгенін мәлімдеді.