Ол аялдама қасында құлаған
Әлеуметтік желіде Астанадағы ауа райының қолайсыздығы мен көктайғақтың кесірінен ер адам құлап көз жұмды деген ақпарат тарады. Астана әкімдігі ер адамның өлімінің себебін атады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Көктайғақ салдарынан ер адамның тайып құлап, көз жұмғаны туралы тараған ақпарат шындыққа сай келмейді.
«Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, А108 көшесінде, 20-үйдің маңындағы автобус аялдамасында ес-түссіз жатқан ер адам табылған. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасы оның биологиялық өлімін тіркеді. Марқұмның мәйіті полиция қызметкерлеріне тапсырылды», - делінген хабарламада.