Ол мерекеде жылы лебізін білдірді
Белгілі қазақстандық продюсер және актриса Баян Алагөзова келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен отандастарын құттықтап, жылы лебізін білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Продюсер өзінің Instagram парақшасында мерекелік көңіл-күй сыйлайтын отбасылық фотосессиясын жариялады. Суреттердің астына ол қысқа әрі мазмұнды ақ тілегін жазып қалдырды.
«Келе жатқан Жаңа жыл құтты болсын! Баршаңызға бақыт әкелсін. Өтіп бара жатқан жылға алғыс айтамын», — деп жазды Баян Алагөзова.
Жазбада продюсердің жақын жандарымен түскен жылы сәттері бейнеленген. Бұл фотолар желі қолданушыларының назарын бірден аударды.
Продюсер оқырмандары жазба астында продюсердің отбасына тәнті болып, өздерінің ақ тілектерін жаудырды. Көпшілік Баян ханымның ақылдылығы мен отбасылық құндылықтарды сақтай білуін ерекше атап өткен.
«Көз тимесін, тамаша отбасы! Әрқашан осылай бақыт құшағында жайнап жүре беріңіздер», — деп жазды оқырмандардың бірі.
Тағы бір қолданушы: «Баян ханым, сіз өте ақылды әйелсіз, сізге сүйсінемін. Жаңа жыл тек сәттілік пен тыныштық әкелсін», — деген пікір қалдырған.
Желі қолданушыларының пікірінше, бұл отбасы — көпке үлгі. Жанкүйерлер сондай-ақ продюсердің екі кішкентай қызына да зор бақыт тілеп жатыр.