Назарбаев Мәскеуде Путинмен кездесті

Автор: Алмас Ерсін

Кездесу Ресей Федерациясы президентінің Кремльдегі апартаменттерінің асханасында өтті

Фото: видеодан скриншот

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бейнекадрлар Кремльдің ресми Telegram каналында жарияланды.

«Кремльде Владимир Путин мен Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кездесуі өтті», – делінген хабарламада.

Кездесу РФ президентінің Кремльдегі апартаменттерінің асханасында өтті.

«Мұндай дастарқан басындағы кездесу – үлкен сенім мен өте жақсы қарым-қатынастың белгісі. Бұған дейін мұндай құрметке ҚХР төрағасы Си Цзиньпин мен Беларусь президенті Александр Лукашенко ие болған», – деп жазады ТАСС.

Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинге тұрақты түрде барып тұрады. Олардың алдыңғы кездесуі 2025 жылғы 29 мамырда өткен.

Бір жыл бұрын, желтоқсан айында Путин Қазақстанның бұрынғы президентін Мәскеу түбіндегі Ново-Огарево резиденциясында қабылдаған еді.