Бірқатар өңірде жел күшейеді
Синоптиктер 28 желтоқсанда Қазақстанның 14 өңірінде дабылды ескерту жариялады. Ел аумағында тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Ақмола облысында батысы мен солтүстігінде оңтүстік және оңтүстік-шығыстан 15–20 м/с жел соғады.
Павлодар облысында батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі.
Қарағанды облысында батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі.
Ұлытау облысында батысында, оңтүстігінде және орталығында тұман түседі. Жезқазған қаласында кей уақытта тұман болады.
Шығыс Қазақстан облысында шығысында, оңтүстігінде және орталығында тұман түседі.
Алматы облысында түнде және таңертең оңтүстігінде және таулы аудандарда тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Алматы мен Қонаев қалаларында да түнгі және таңғы уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады.
Жетісу облысында түнде және таңертең солтүстігінде, орталығында және таулы аудандарда тұман түседі. Облыстың шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с жетеді. Талдықорған қаласында түнде және таңертең тұман болады.
Жамбыл облысында солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарда тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан түнде 15–20 м/с жел соғады, күндіз екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді. Тараз қаласында кей уақытта тұман түседі.
Түркістан облысында батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарда тұман түсіп, көктайғақ болады. Тау асуларында желдің жылдамдығы 15–20 м/с жетеді.
Қызылорда облысында облыс орталығында кей уақытта тұман түседі.
Ақтөбе облысында күндіз батысы мен солтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Түнде және таңертең орталығы мен шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–18 м/с жетеді. Ақтөбе қаласында күндіз көктайғақ болады.
Батыс Қазақстан облысында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, облыстың шығысында қалың қар түседі. Батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысып, түнде солтүстігі мен шығысында 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Орал қаласында қар жауып, жаяу бұрқасын болады.
Атырау облысында түнде қар жауады, солтүстігі мен шығысында қалың қар жауады, күндіз қар мен жаңбыр аралас жауын-шашын түседі. Батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады, солтүстігі мен шығысында бұрқасын соғады. Желдің жылдамдығы 15–20 м/с.
Маңғыстау облысында батысында, солтүстігінде және орталығында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түсіп, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Батысы мен солтүстік-шығысында тұман түседі. Желдің екпіні 15–20 м/с. Ақтау қаласында түнде және таңертең көктайғақ болып, жел күшейеді.