Апаттан 38 адам қаза тапты (оның ішінде 3 экипаж мүшесі), 29 адам әртүрлі дәрежедегі дене жарақатын алды
Көлік министрлігі «Azerbaijan Airlines» әуе компаниясының Embraer 190 4K-AZ65 әуе кемесімен болған авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру барысы туралы аралық хабарламасын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мәліметтерге сүйенсек, 2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау қаласының маңында Баку (UBBB) – Грозный (URMG) бағыты бойынша J2-8243 жолаушылар рейсін орындаған «Azerbaijan Airlines» әуе компаниясының Embraer 190 4K-AZ65 әуе кемесі апатқа ұшырады.
Оның салдарынан 38 адам қаза тапты (оның ішінде 3 экипаж мүшесі), 29 адам әртүрлі дәрежедегі дене жарақатын алды.
ҚР Көлік министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 26 желтоқсанындағы №433 бұйрығымен тағайындалған аталған оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия авиациялық оқиғаның себептерін және ілеспе факторларын анықтау бойынша жұмысты жүргізіп жатыр.
Авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның жұмысына Әзербайжан Республикасының, Ресей Федерациясының, Бразилия Федеративтік Республикасының Уәкілетті өкілдері, сондай-ақ ИКАО-ның бақылаушысы қатысады.
2025 жылғы 4 ақпанда ИКАО 13-қосымшасының 7.4 стандартына және Қағидалардың 77-тармағына сәйкес алдын ала есеп шығарылды.
Аралық хабарламаны дайындау кезінде Комиссия экипаж, әуе қозғалысы органдарының диспетчерлері туралы мәліметтерді және пайдаланушының нормативтік актілерін, ұшуды дайындау және орындау жөніндегі құжаттамаларды, метеорологиялық ақпаратты және техникалық қызмет көрсету материалдарын қоса алғанда, нақты деректерді жинауды және талдауды жүзеге асырды. Борт журналының және ұшуға қатысты өзге де құжаттамалардың көшірмелері алынды.
Борттық өзін-өзі жазғыштарымен жұмыс жүргізілді: ұшу деректерін тіркеушіден (FDR) ұшу параметрлері алынды, сәйкестендірілді.
Комиссия әуе кемесі оқиға болған жерді егжей-тегжейлі тексерді. Фотожәне бейнетіркеу жасады, әуе кемесінің агрегаттарын оқиға орнынан жинап, әкетті.
Авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру шеңберінде төмендегі зерттеулер жүргізілді:
Қазіргі уақытта Комиссия Америка Құрама Штаттарының Уәкілетті өкілімен «Delkin Devices Inc» зауыты базасында зерттеу жүргізу мәселесі бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр.
«CMC Electronics» зауытының базасында №1 және №3 авиониканың модульдік блоктарынан алынған Ғаламдық позициялау жүйесінің (GPS1 және GPS2) кассеталарына зерттеу жүргізілді. Қазіргі уақытта жұмыс аяқталды, талдау жүргізіліп жатыр.
Тергеп-тексеру жөніндегі комиссия екі жұмыс тобын құрды: ИКАО-ның Doc 10084 сәйкес Қақтығыс аймақтарының үстінен немесе олардың маңында ұшуларды орындау кезінде тәуекелдерді бағалауды талдау жөніндегі жұмыс тобы.
Комиссия Ресей Федерациясы мен Әзербайжан Республикасының авиациялық билік органдары, сондай-ақ «Azerbaijan Airlines» әуе компаниясы ұсынған тәуекелдерді бағалау рәсімдерін ұйымдастыруға және орындауға қатысты құжаттамаға талдау жүргізіліп жатыр.
Осы жұмыс шеңберінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде азаматтық және әскери секторлардың өзара іс-қимылы мәселелері де қарастырылып жатыр.
Аталған мәселені зерделеу қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына қабылданған шаралардың сәйкестігін анықтауға және авиациялық оқиғаның дамуына әсер етуі мүмкін ықтимал ауытқуларды анықтауға бағытталған тергеп-тексерудің маңызды элементтерінің бірі болып табылады;
Конструкция элементтерінің нақты есебі жөніндегі жұмыс тобы.
Гидравликалық жүйе фрагменттерінің кеңістіктік өзара байланысын қалпына келтіру мақсатында Ақтау қаласында №2 гидравликалық жүйе элементтерін нақты есебі (реконструкциялау) жүргізілді. Қазіргі уақытта жұмыс аяқталды, талдау жүргізіліп жатыр.
«Осылайша, бүгінгі күні тергеп-тексеру жөніндегі комиссия техникалық қызмет көрсетудің орталық компьютері (Central Maintenance Computer) кассетасын зерттеу жұмыстарының аяқталуын, сондай-ақ қақтығыс аймақтарының үстінен немесе олардың маңында ұшуларды орындау кезіндегі тәуекелдерді бағалау талдауы бойынша жұмыс тобының есебін қалыптастыруды күтіп отыр.
Тергеп-тексеру жөніндегі комиссия байыпты ұстанымды сақтайды және барлық қорытындылар объективті тек фактілерге негізделген болады. Авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру нәтижелері бойынша Түпкілікті есеп Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің сайтында жарияланатын болады», - делінген хабарламада.