Тоқаев әйнек өндіретін кәсіпорынның қызметкерлерімен кездесті

Автор: Асыл Арман

Жылына 500 мың шаршы метр әйнек шығару жоспарланып отыр

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Dala Glass әйнек өндіретін кәсіпорын қызметімен танысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Зауыт биыл жазда іске қосылған. Жобаға салынған инвестиция 1 миллиард теңгені құрайды.

Жылына 500 мың шаршы метр әйнек шығару жоспарланып отыр. Бүгінде аталған нысанда 50 адам жұмыс істейді.

Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпорын қызметкерлерімен әңгімелесіп, олардың еңбегіне табыс тіледі.