Ал Қырғызстанға 122 мың тонна өнім жіберді
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ деректеріне сәйкес, 2025 жылғы қыркүйек айынан 19 желтоқсанға дейін жаңа өнім астығының 3,9 млн тоннасы экспортталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, өткен жылдың осы кезеңінде экспорт көлемі 3,4 млн тоннаны құраған. Бұл сыртқы нарықтарға жеткізілім көлемінің тұрақты өсіп отырғанын көрсетеді.
«Негізгі бағыттар бойынша жөнелтілім көлемінің едәуір өсуі тіркелді. Өзбекстанға астық экспорты 35%-ға артып, 1 315 мың тоннадан 1 774 мың тоннаға жетті. Қырғызстанға жеткізілім көлемі екі есеге өсіп, 59 мың тоннадан 122 мың тоннаға дейін ұлғайды. Сондай-ақ Ауғанстан бағыты бойынша да айтарлықтай өсім байқалды: экспорт көлемі 36,8%-ға артып, 190 мың тоннадан 260 мың тоннаға дейін өсті», – делінген министрлік хабарламасында.
Жаңа өнім астығы экспортының артуы дәстүрлі өткізу нарықтары тарапынан жоғары сұраныстың болуымен байланысты.