Мемлекет басшысы математика мен ағылшын тілі тереңдетіп оқытатын мектепті тексеріп шықты

Автор: Мөлдір Қазыбай

Президент New Generation School Astana ғимаратына барды

Фото: Ақорда

Елорда нысандарын аралау барысында мемлекет басшысы Нұра ауданында орналасқан NGS Astana жекеменшік білім беру мекемесінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

1320 оқушыға есептелген мектеп жаратылыстану-математика және әлеуметтік-гуманитарлық бағыттарында білім береді. Әсіресе, математика мен ағылшын тілі тереңдетіп оқытылады.

Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруға қажетті барлық жағдай жасалған. Оқушылар үш мезгіл тамақтандырылады. Ерекше білім алу қажеттілігі бар балаларға қолайлы орта қарастырылған.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа мектеп құрылысының бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары аясында бой көтергені жөнінде баяндалды. Қаржының 40 пайызын «Даму» қоры кредит ретінде бөлген.

Президент оқу кабинеттерін, кітапхананы, спорт залын аралап көрді.