Қазақстанның бірқатар өңірінде алыс жолға шығатын жүргізушілерге ескерту жасалды

Автор: Асыл Арман

Республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәлімет жарияланды

Фото: ЖИ арқылы жасалды/ChatGPT

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты алыс жолға шығатын жүргізушілерге ескерту жасалды , деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, 24 желтоқсан күні Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Ұлытау, Абай және Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр мен қар күтіліп отыр.

Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз.

«1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады», – делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.