Облысқа кіріп-шығуда ешқандай кедергі болмайды
Өңір аумағына кіріп-шығатын күрежолдардың бәрінен блок-бекеттер алынып тасталды деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчуктің айтуынша, әуе және темір жол қатынасына шектеу қойылмағандықтан, автожолдардағы блок-бекеттер де алынып тасталған. Яғни, облысқа кіріп-шығуда ешқандай кедергі болмайды.
«Ақмола облысы аумағында күрежолдар бойына қойылған барлық блок-бекет алынып тасталды. Алдағы уақытта оларды қайта қою мәселесі әлі қаралған жоқ», - дейді Гүлнәр Пинчук.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасында эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында мемлекеттік комиссияның шешімімен 5 шілдеден бастап Қазақстанда 2 апталық карантин жарияланды. Соған сәйкес, өңірлер арасындағы жолаушылар автобустарының жүруіне уақытша шектеу қойылған.
Абзал Алпысбайұлы, Ақмола облысы