Республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәлімет жарияланды
«ҚазАвтоЖол» бірқатар өңірде тасжолдарда қар аралас жаңбыр жауады. Осыған байланысты жүргізушілерге ескерту жасалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Компанияның мәліметінше, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Ұлытау және Қызылорда облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр мен қар күтілуде.
Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз.
«1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады», – делінген хабарламада.