Алтай қаласында жүкті әйелді құтқарып қалу үшін Өскеменге тікұшақпен шұғыл жеткізілді

Автор: Асыл Арман

Жүкті әйел ТЖМ тікұшағымен шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізілді

Фото: istockphoto.com

Шұғыл медициналық көмекке мұқтаж жүкті әйел Шығыс Қазақстан облысындағы Алтай қаласынан Өскемен қаласына тікұшақпен жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ «Қазавиақұтқару» ұшқыштары мен санитарлық авиация дәрігерлерінің үйлесімді әрі жедел әрекеттерінің арқасында науқас аман-есен медициналық мекемеге жеткізілді.