28 градус аяз болады: алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Автор: Асыл Арман

Синоптиктердің болжамы белгілі болды

Фото: pixabay

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің мәліметіне сүйенсек, алдағы бірнеше күнде Қазақстан аумағындағы ауа райын батыстан шығысқа қарай жылдам ығысатын циклон қалыптастырады. Ол өзімен бірге қар, бұрқасын, желдің күшеюін, ал батыс өңірлерде көктайғақ құбылыстарын алып келеді.

«25 желтоқсанда циклонның орнын суық ауа массасының басып кіруі алмастырады. Соның салдарынан түнгі уақытта елдің батысында ауа температурасы 20-25 градус аязға, ал солтүстігінде 23-28 градус аязға дейін төмендейді.

Тек республиканың оңтүстігінде салыстырмалы түрде жылы ауа райы сақталады, күндізгі уақытта ауа температурасы 2-7 градус жылуға дейін көтеріледі», – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.