Облыстық Полиция департаменті ресми түсініктеме берді
Павлодар облысында жедел-іздестіру іс-шаралары кешенінің нәтижесінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері интернет арқылы есірткі заттарын өткізумен айналысқан әйелді ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Алдымен ол тыйым салынған заттарды ірі көлемде сатып алып, оларды бөліп орап, «жасырын қоймалар» жасаған. Тінту іс-шаралары барысында оның іш киімінің жоғарғы бөлігінен 16 орама табылып, тәркіленді, сондай-ақ жасырын қоймадан тағы бір орама алынды. Алынған заттарға жүргізілген сараптама нәтижесінде орамалардың ішінде жалпы салмағы 40 грамнан асатын синтетикалық есірткі бары анықталды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауда отыр», – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов.
Қазіргі уақытта ұсталған азаматшаның заңсыз әрекетінің барлық мән-жайын және өзге де эпизодтарын анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар жалғасып жатыр.