Автокөлік иесі түн ортасында қатты музыка қосып, көршілердің тыныштығын бұзды
Түнгі уақытта автокөлігінде қатты музыка қосқан жүргізуші жігіт жұрттың тыныштығын бұзды. Жергілікті тұрғындар полиция шақырып, тәртіп бұзушыны жауапкершілікке тартты. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
20 желтоқсанға қараған түні 16-шағынаудандағы «Айсар» тұрғын үй кешенінің тұрғындарының тыныштығын көліктен шыққан қатты музыка мен айқай-шу бұзған. Қатты дауыс Toyota маркалы автокөліктен шыққан.
Тұрғындардың шағымынан кейін оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп, қоғамдық тәртіптің бұзылғанын тіркеді.
23 жастағы автокөлік жүргізушісіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 437-бабы – «Тыныштықты бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Оған 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 19 660 теңге көлемінде айыппұл салынды.