Ресейде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы өтеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу үшін Б.Н.Ельцин атындағы президенттік кітапханаға барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мемлекет басшысын Ресей президенті Владимир Путин қарсы алды.
Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург қаласына барды. Президентті «Пулково» халықаралық әуежайында Санкт-Петербург қаласының губернаторы Александр Беглов пен Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденко қарсы алды.