ШҚО-да ауа райына байланысты жол қозғалысы шектелді

Автор: Дәулет Ботагөз

Жүк және қоғамдық көлікке уақытша тыйым салынды

Фото: © freepik.com

Шығыс Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысы уақытша шектелді. Бұл туралы ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қай бағытта қозғалыс тоқтатылды

Ресми мәліметке сәйкес, 2025 жылғы 21 желтоқсанда сағат 15:00-ден бастап «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 7–166 шақырымаралығында (Ушановское ауылы – Алтай қаласы) қозғалысқа шектеу енгізілді.

Шектеу ауа райының күрт нашарлауына, соның ішінде қар, боран және жолдағы көру мүмкіндігінің төмендеуіне байланысты қабылданған.

Жол қашан ашылады

Алдын ала ақпарат бойынша, аталған автожолды 2025 жылғы 22 желтоқсан күні таңғы сағат 06:00-де қайта ашу жоспарланып отыр. Алайда бұл мерзім ауа райының өзгеруіне байланысты нақтылануы мүмкін.

Жол қызметі жүргізушілерге алыс жолға шықпас бұрын жол жағдайын нақтылап алуды және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды ескертеді.