Ол 14 желтоқсан күні жоғалып кеткен
Атырау облысында 14 желтоқсаннан бері хабар-ошарсыз кеткен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 1964 жылы туған азаматтың денесі Жылыой ауданындағы қамысты алқаптан табылған.
«Аталған азамат 15 желтоқсан күні іздеуге берілген болатын. Қазіргі уақытта тиісті тексеру шаралары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды», – деп хабарлады полиция өкілдері.
Айта кетейік, осыған дейін Атырауда аң аулауға кетіп, бірнеше күннен бері із-түзсіз жоғалған азамат іздестіріліп жатқаны хабарланған болатын.