Қазақстанның төрт облысында 2025 жылғы 19 желтоқсан сағат 09:30-дағы жағдай бойынша республикалық маңызы бар автожолдардың алты учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, көлік қозғалысы шектелген жол учаскелері:
Ақтөбе облысында:
- РФ шекарасы – Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы автожолы, 1153-1240 шақырым аралығы (Ырғыз елді мекенінен Қызылорда облысының шекарасына дейін);
- осы автожолдың 776-1153 шақырым аралығы (ECO Oil жанармай құю бекетінен Ырғыз кентіне дейін);
- Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ автожолы, 0-234 шақырым (Қарабұтақ елді мекенінен Қостанай облысының шекарасына дейін).
Қостанай облысында:
- Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ автожолы, 234-385 шақырым (Ақтөбе облысының шекарасынан Денисовка кентіне дейін).
Қызылорда облысында:
- РФ шекарасы – Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы автожолы, 1240-1362 шақырым (Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейін).
Маңғыстау облысында:
- Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сайөтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау автожолы, 332–632 шақырым (Бейнеу елді мекенінен Шетпе ауылына дейін).
Қазіргі уақытта жолдарды күтіп-ұстау жұмысына 803 арнайы техника жұмылдырылған.