Қазір күніне орта есеппен 1500 адам ауырады – вице-министр

Автор: Azattyq Rýhy

Өңірлер бойынша КВИ жағдайы туралы

Көптеген елдерде инфекция таралуының екінші толқыны жүріп жатыр. Елімізде күн сайын КВИ жұқтырғандар саны өсіп келеді. Тіркелген жағдайлардың өсімі бір айда шамамен 4,5% құрады. Облыстарда өсім 2%-дан 8%-ға дейін көтерілуде, деді Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният.

«Қазіргі таңда күніне орташа есеппен 1500 адам ауырады. Осы күнге дейін ауруханаларда КВИ пневмониясымен 8500 науқас емделіп жатыр. Соңғы айда ең жоғары өсімі Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Қарағанды облыстарында байқалады»,- деді вице-минисnр

Жеке адамдар арасында КВИ-дың ең жоғарғы өсімі Атырау облысында, Алматы қаласында, БҚО, Маңғыстау, ШҚО-да байқалады.

Ауру тараудың өзіндік ерекшеліктері бар. Азаматтар Нұр-Сұлтан қаласында сырқаттануына байланысты медициналық ұйымдарға өздігінен көп жүгінеді. Ол еліміз бойынша жалпы өлім жағдайлар санынан 1/3 бөлігін құрап отыр.

Алматы қаласында КВИ-мен ауыратындардың үлесі скрининг кезінде және байланыста болған адамдар арасында анықталуда. Бүгінгі таңда стационарларда реанимациялық төсектер тапшы болып отыр. Бұл жерде пневмонияның ауыр түрімен ауыратын науқастар ем алуда.

КВИ бойынша күрделі үшінші өңір - Атырау облысы. Кен орындарында өршулер көп болуына байланысты облыс бойынша төсек-орындар тез толықты. Бұл жердегі жұмыскерлер әртүрлі облыстар мен өңірлерден келеді.

Шымкент қаласында реанимациялық төсек-орындар жеткіліксіз. БҚО-да сыртқы жағдайлардан әкелінгендер көп.